30 жастағы сербиялық шабуылшы Боян Дубайич жуырда "Ақтөбенің" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады.
"Жақын уақытта беларуссиялық БАТЭ-нің бұрынғы шабуылшысы Боян Дубайич клуб орналасқан жерге келеді, ол командада орталық шабуылшылар тапшы болғандықтан осы позицияны күшейтуі керек. Дәл қазіргі сәтте командаға жаңадан келуі мүмкін ойыншылармен келіссөздер жүргізуде", - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Серб БАТЭ-де 2019 жылдан 2020 жылға дейін ойнады. Барлығы 41 кездесу өткізіп, 8 гол соқты, 7 нәтижелі пас берді. Дубаийч сербиялық "Раднички" және "Инджия", швейцариялық "Лугано" және "Ле Монт", сондай-ақ тайландтық "Сисакет" клубтарында ойнады.
Біздің серіктес: FONBET