«Ақтөбе» сырт алаңда «Ақжайыққа» есе жіберді

08.08.2021, 02:01
«Ақтөбе» Қазақстан Кубогіндегі жорығын топтық кезеңнен аяқтады.
«Ақтөбе» сырт алаңда «Ақжайыққа» есе жіберді

"Ақжайық" Қазақстан Кубогінің бесінші туры қарсаңында "Ақтөбені" қабылдады. Матч Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

"Ақжайық" ойын бастала салысымен есепте алға шықты. Қақпашымен жеке-дара шыққан Николай Ковталюк өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. 54-минутта Иван Антипов Евгений Козловтың пасынан кейін матчтағы екінші голды соқты. Кездесудің 78-минутында Темірлан Ерланов есеп айырмасын қысқартты.

"Ақжайық" он ұпаймен С тобында алғашқы орынға көтерілді. "Ақтөбе" ең соңғы орынға жайғасты (0 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×