"Ақтөбе" футбол клубы мен бас бапкер Вахид Масудов тараптардың өзара шешімі бойынша еңбек келісім-шартының тоқтатылғанын хабарлады.
Клуб басшылығы кеше ұжымға маманмен келісім-шарттың үзілгендігі жайлы ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар оның көмекшісі Иван Азовский да өз орнын босатты.
"Ақтөбе" қазақстандық маманның жетекшілігімен 8 матч өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті, бір рет тең ойнап, қалған төрт ойында жеңілістің ащы дәмін татты.
Қазіргі таңда клуб басшылығы жаңа бапкерді іздеу үстінде және жақын уақытта қолда бар кандидаттар бойынша нақты шешім қабылданатын болады.
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET