«Ақтөбе» «Тобыл» қорғаушысына көз тікті

21.12.2021, 02:45
Қазақстандық қорғаушы «Ақтөбенің» бапкерін жақсы біледі.
«Ақтөбе» «Тобыл» қорғаушысына көз тікті

«Тобылдың» 24 жастағы қорғаушысы Сұлтан Әбілғазы мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings kz.

Футболшы ақтөбелік клубтың қазіргі бапкері Владимир Мухановпен «Оқжетпес» сапында бірге жұмыс істеген. Қазақстан чемпионы атанған Сұлтан жақын арада командасын ауыстыруы мүмкін.

Әбілғазы «Тобылда» 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Сұлтан қостанайлықтар сапында 8 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×