Бүгін Түркістанда өтуі тиіс болған Премьер-лиганың 12-турындағы «Тұран» пен «Ақтөбе» арасындағы ойын ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.
Матч елорда уақытымен 21:00-де басталуы керек еді. Алайда Түркістанда, нақтырақ айтсақ, «Түркістан Арена» стадионында шаңды дауыл басталғандықтан, матчтың бас төрешісі Бағдат Абдуллаев пен инспектор Александр Перемитин ойынды өткізбей, кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.