«Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Ақтөбені» қабылдады. Матч «Түркістан Арена» стадионында өтіп, 1:2 есебімен ақтөбелік команданың пайдасына шешілді.
Кездесудің 18-минутында «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Эрвейн Мукам есеп ашты. Бірақ 36-минутта «Тұран» шабуылшысы Темірлан Әміров қарымта голды соқты. Дегенмен, 66-минутта Темірлан Ерланов айып добын тамаша орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Үш ұпайды қоржынға салған «Ақтөбе» алтыншы орынға көтерілді (33 ұпай). 25 ұпайы бар түркістандық клуб он екінші орыннан тапжылмады.