«Ақтөбе» украиналық шабуылшыға көз тікті

03.02.2021, 20:37
Шабуылшы «Ақтөбе» сапында екі гол соғып үлгерді.
«Ақтөбе» украиналық шабуылшыға көз тікті

29 жастағы украиналық шабуылшы Виталий Балашов "Ақтөбе" сапында қаралымда жүр.

Шабуылшы "Ақтөбе" жейдесінде екі жолдастық матчқа қатысып үлгерді. "Динамо Мәскеу" және "Ротормен" болған кездесуде гол соқты.

Балашов Ресейге келмес бұрын екі жыл бойы украиналық "Олимпик" командасында ойнады. Ол сонымен қатар "Чорноморец", "Ховерла", польшалық "Висла", молдовалық "Милсами" және беларуссиялық "Ислочь" командаларында доп тепті.

29 жастағы ойыншының соңғы клубы ресейлік "Тамбов" болды, ол РПЛ-дің ағымдағы маусымында 7 матчқа қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×