«Ақтөбе» жаңа бас бапкер тағайындады

04.08.2021, 21:22
«Ақтөбе» Мұхановтың басшылығымен үш мәрте ел чемпионы атанды.
«Ақтөбе» жаңа бас бапкер тағайындады

"Ақтөбе" 67 жастағы маман Владимир Мұхановты бас бапкер қызметіне тағайындағанын хабарлады.

Владимир Мұханов 2006-2012 жылдар аралығында "Ақтөбені" жаттықтырды, клубпен үш рет ел чемпионы атанды, екі рет Премьер-лиганың күміс және қола жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, "Ақтөбе" Мұхановтың басшылығымен Қазақстан Кубогі мен екі рет ел Суперкубогінің иегері атанды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап ол тағы да "Ақтөбе" клубын тізгіндеді және денсаулығына байланысты 2018 жылдың желтоқсанында командадан кетті. Оның жетекшілігімен команда бір жарым маусымда 55 кездесу өткізді, 19 рет жеңіске жетті, 15 ойында тең түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×