«Ақтөбе» жаңа бас бапкермен келісімге келді

08.05.2021, 05:06
Бұл бапкер Қазақстанда «Шахтер» клубын жаттықтырған.
«Ақтөбе» жаңа бас бапкермен келісімге келді

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, 57 жастағы болгариялық бапкер Николай Костов "Ақтөбе" командасын баптауға келісімін берді.

Клуб басшылығы осы маманның бас бапкер болғанын қалап отыр. Алайда, клубтан да жоғары басшылық бар екенін ұмытпаңыздар. Олар өз кандидатурасын ұсынып отыр. Олардың кандидаты Қазақстаннан абыройсыздықпен кеткен Владимир Газзаев.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" бірнеше күн бұрын бас бапкер Алексей Багамен қош айтысқан еді. Оның орнына команданы уақытша Владимир Зеленовский жаттықтыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×