"Ақтөбе" жеңіске жетті

05.07.2013, 07:30
"Ақтөбе" жеңіске жетті
Еуропа лигасының іріктеу кезеңі басталып, барша футбол жанкүйерлерін үлкен мерекеге бөледі. Байрақты футбол бәсекесіне алғашқы ірітеу елегінен бастап қазақстандық ұжымдар да қатысуда. Армения астанасы Еревенда ойынын өткізген «Ақтөбе» тамаша жеңіске жетті. «Гандзасарға» қарсы өткен кездесудің алғашқы таймындада гол соғатын мүмкіндіктерін мүлт жіберген отандастарымыз, екінші таймда ғана есеп ашты. Ойынның 61 минутында Ресейлік легионер Сергей Давыдов көзге түсті. Ал одан кейін араға 15 минут салып Асхат Тағыберген өзінің «ақтөбе» сапындағы алғашқы добын енгізді. 2 гол айырмасымен алға шыққан ақтөбеліктер соңғы минуттарда Гандзасардың шабуылын жіберіп алды. Десе де, жауапты ойын алдында Никитенко бапкердің командасы өзін жақсы сезінетін болды. Болгария астанасы София қаласына қонаққа барған Павлодарлық «Ертіс» «Ақтөбенің» ерлігін қайталады. Керекуліктердің қарсыласы да осалдар қатарынан емес еді. Болгарияның 26-дүркін чемпионы салған жерден біздің жігіттердің қорғаған қақпасын нысанаға ала бастады. Бірақ бұл күні Вячеслав Котлярдың жоспарында гол жіберу деген мәселе болған жоқ. Тіпті кездесудің 77-минутында «Ертіс» қақпасына белгіленген 11-метрлік пенальтиді павлодарлық қақпашы қайтарып тастады. Сонымен ойынның есебі 0-0 болып аяқталып, жанкүйерлер соғылған голды көре алмады. Сондай-ақ кеше Еуропа лигасының әуені Астанада да шырқады. Елордалық ұжым болгарияның «Ботев» командасына 0-1 есебімен жол берді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
ЛУИШ ФИГУ АСТАНАДА
Серіктес жаңалықтары
×