Кот-д'Ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу «Ақтөбенің» Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынына қатысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Бапкерлер штабы Гоудың командадағы болашағына күмәнмен қарайды, бірақ оған тағы бір мүмкіндік беруді жөн көрді.
Үшінші оқу-жаттығу жиынында африкалық футболшы жолдастық матчтарға қатысатын болады, содан кейін оның «Ақтөбедегі» болашағы туралы түпкілікті шешім қабылданады деп күтілуде.
Естеріңізде болса, Жерар ресейлік «Кубаньмен» болған жолдастық кездесуде гол соққан болатын.
Айта кетейік, Гоуға Қазақстан чемпионатының бірқатар клубтарынан ұсыныс түсті.
Біздің серіктес: FONBET