"Келешекте Ақтөбе қаласында УЕФА-ның барлық талабына сай келетiн, 32 мың көрермен сиятын ауқымды стадион салынады” дейдi облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асылбек Құлмағанбетов.
“Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы стадионы 1975 жылы салынған. 12 мың адам сиятын стадион көрермендерге тарлық етедi. Әсiресе, еурокубоктық ойындарда “Ақтөбе” жанкүйерлерiне орын жетпей қалады. Болашақта бұл мәселенiң де түйiнi шешiледi. Әзiрге стадион қаланың қай тұсына салынатыны нақтыланған жоқ. Жаңадан бой көтеретiн “Нұр Сити” шағын ауданына орналасуы да мүмкiн” дейдi спорт басқармасының бастығы.