Ақтөбеге қарсы қызу дайындық үстіндеміз

28.07.2011, 07:51
Ақтөбеге қарсы қызу дайындық үстіндеміз
«Аланияның» бас бапкері Владимир Газзаев ресейлік «www.fc-alania.ru» сайтына сұхбат берді. Біз осы сұхбаттың қазақша нұсқасын назарларыңызга ұсынып отырмыз. -Владимир Газзаев мырза футбол сізге не үшін маңызды? Ойын нәтижесі үшін бе , әдемілігі үшін бе? -  Мен үшін ойынның әдемілігі  –  таблодағы есеп -Әкеңіздің бапкер екенін білеміз, араларыңызда бәсекелестік бар ма? -Арамызда бәсекелестік жоқ және болуы да мүмкін емес. -Ақтөбемен болар ойынға дайындықтарыңыз қандай дәрәжеде? -Ақтөбеге қарсы қызу дайындық үстіндеміз. Бізге жеңіс ауадай қажет. Ақтөбе еурокубоктарда бірнеше жыл тәжірибе жинақтаған азулы команда. Жалпы, бұл турнирге осал команда қатыспайды. -Команданың жаңа ойыншылары осы ойынға қатыса ма? -Өкінішке қарай бейсенбідегі ойынға жаңа ойыншылар қатыса алмайды. Қарымта кездесуге де қатысу мүмкіндігі аз. -Еурокубоктік сындарда "Аланияның" алға қойған мақсаты қандай? -Әзірше мақсат біреу ол - келесі айналымға өту. - Сұқбатыңызға рахмет!!!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×