«Ақтөбемен» тең ойнаған «Астана» Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты

16.08.2021, 01:00
Бұл жолдаманы «Астанаға» Марин Томасов алып берді.
«Ақтөбемен» тең ойнаған «Астана» Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты

"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Астана" клубымен кездесті. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 15-минутында Ардақ Сәулеттің қақпа маңына қарай асырған пасын Максим Самородов өз пайдасына жаратып, матчтағы алғашқы голды соқты. Бірақ 85-минутта Марин Томасов айып алаңының сыртынан өз стилінде соққы жасап, таразы басын теңестірді.

Осылайша, Андрей Тихонов шәкірттері 11 ұпай жинап, С тобырда екінші орын алды. "Ақтөбе" бір ғана ұпаймен соңғы орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×