«Ақтөбені» «Локомотив» пен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы жаттықтыруы мүмкін

19.05.2021, 22:43
Бұл бапкер қазір «Ақтөбенің» жастар командасын жаттықтырып жүр.
«Ақтөбені» «Локомотив» пен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы жаттықтыруы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбенің" жаңа бас бапкері болып жергілікті маман тағайындалуы мүмкін.

Беларуссиялық маман Алексей Бага қызметінен босатылғаннан кейін, ресейлік мамандар Сергей Первушин, Владимир Газзаев және Вадим Евсеев, қазақстандық бапкер Евгений Яровенко, сондай-ақ болгариялық Николай Костов пен Стойчо Младенов осы орынға үміткерлер ретінде қарастырылды.

Алайда, "Ақтөбе" жергілікті маманға сенім артуы мүмкін. Қалада үш жаттықтырушының PRO лицензиясы бар - Игорь Прохницкий, Валерий Алемаскин және экс-ресейлік Алексей Косолапов.

Олардың бірі құжат жүзінде бапкер болып тағайындалуы да мүмкін, ал іс жүзінде команданы ресейлік Владимир Зеленовский жаттықтыра береді деген де нұсқа бар.

Егер бұл нұсқа мақұлданса, онда команданы мәскеулік "Локомотивтің" бұрынғы капитаны және Ресей құрамасының экс-ойыншысы Алексей Косолапов тізгіндеуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×