«Ақтөбені» Ресейлік бапкер жаттықтыруы мүмкін

29.10.2020, 15:19
«Ақтөбе» келесі маусымда ҚПЛ-де өнер көрсетеді.
«Ақтөбені» Ресейлік бапкер жаттықтыруы мүмкін

"Ақтөбе" Ресейлік жаттықтырушыны бас бапкер етіп тағайындауы мүмкін, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет.

"Ақтөбе" КПЛ-ға қайта оралғаннан соң жаңа бас бапкер іздеп жатыр. Бұған дейін беларуссиялық бұқаралық ақпарат құралдары жас маман Алексей Баганы елдің бес дүркін чемпионы атанған команданы жаттықтыруы мүмкін деп хабарлаған еді. Рас, Бага литвалық "Жальгиристе" жүр.

Бірақ ол бұл лауазымға лайықты жалғыз кандидат емес. Тағы 2 бапкердің есімі аталды. Әңгіме Қазақстанға танымал ресейлік мамандар - Виктор Кумыков пен Юрий Красножан туралы болып отыр.

Олардың Қазақстанға оралу ықтималдығын білмеймін, бірақ олар клубпен байланысқан жалғыз ресейліктер емес. Тағы бір үміткер бар - жас маман, алайда ол бұрын-соңды керемет футболшы ретінде танымал болған" - деп жазды Қожахмет.

Еске салайық, "Ақтөбе" Бірінші лиганың аяқталуына екі тур қалғанда Премьер-лигаға жолдама алған болатын. Қазір команданы Владимир Зеленовский жаттықтырып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×