«Ақтөбенің» 2021 жылға арналған бюджеті таусылды ма?

19.06.2021, 22:42
Күні кеше клуб ойыншылары маусым айының жалақысын алмауы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.
«Ақтөбенің» 2021 жылға арналған бюджеті таусылды ма?

"Ақтөбе" клубының баспасөз қызметі командадағы қаржылық мәселелер туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады.

"2021 жылы 18 маусымда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде "Ақтөбе" клубының ақшасы таусылғаны туралы, және енді клуб басшылығы футболшыларға маусым айына не төлейтінін білмейді деген жалған ақпарат жарияланды.

Осыған байланысты "Ақтөбе" футбол клубы ресми түрде бұл ақпараттың жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыс­тық жауапкершілікке тартылуы, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×