«Ақтөбенің» бас бапкері қызметінен кетті

28.04.2022, 15:33
Клуб оның орнына жаңа бапкер тағайындап үлгерді.
«Ақтөбенің» бас бапкері қызметінен кетті

«Ақтөбе» 68 жастағы ресейлік маман Владимир Мухановтың бас бапкер қызметінен кеткені туралы хабарлады.

«Таразбен» өткен ойыннан кейін «Ақтөбе» футбол клубы Владимир Мухановпен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, ресейлік маман «Ақтөбе» клубын 2021 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келеді. Сегіз турдан кейін ақтөбелік клуб Премьер-лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.

«Ақтөбенің» уақытша бас бапкері болып Петр Бадло тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×