«Ақтөбенің» бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдаған

23.08.2021, 00:58
Клубтың директоры жағдайды түзететінін хабарлады.
«Ақтөбенің» бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдаған

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдап кеткен. Қазір қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев журналистер мен жанкүйерлерге айтты. 

«Мен клубқа келген кезде алаяқтық ісі бойынша материалды полиция департаментіне жібердік. Клуб қызметкерлерінің бірі екі жүзге жуық жанкүйерді алдаған, оларға абонемент сатып, бермей қойған», – деді Ерлан Жамантаев.

Жанкүйерлерді алдаған қызметкер кім екені белгісіз, бірақ ол қазір клубта жұмыс істемейді екен. Жамантаев алданып қалған жанкүйердің бәріне абонемент берілетінін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×