«Ақтөбенің» қос футболшысы ұлттық құрамаға шақырту алды

17.03.2021, 21:04
Самородов ұлттық құрамаға алғаш рет шақыртылды.
«Ақтөбенің» қос футболшысы ұлттық құрамаға шақырту алды

"Ақтөбе" клубында өнер көрсететін Максим Федин мен Максим Самородов Қазақстан Ұлттық құрамасының алдағы ойындарына шақырту алды

18 жастағы футболшы Максим Самородов ел құрамасына алғаш рет шақыртылып отыр. Сондай-ақ Юрий Перцух кеңейтілген тізімге енгізілді және керек болған жағдайда шақырту алуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Әлем Кубогінің іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді - 28-наурызда Нұр-Сұлтанда Францияға қарсы ойнаса, 31-наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×