«Ақтөбенің» үшінші ОЖЖ-дағы қарсыластары анықталды

22.02.2022, 00:02
Муханов командасы алғашқы турда «Қайратпен» кездеседі.
«Ақтөбенің» үшінші ОЖЖ-дағы қарсыластары анықталды

«Ақтөбе» Белектегі үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында үш бақылау матчын өткізуді жоспарлап отыр.

23 ақпанда «Ақтөбеге» Латвия Бірінші лигасының қазіргі көшбасшысы «Ауда» (Кекава) футбол клубы қарсылас атанбақ.

Үш күннен кейін Муханов шәкірттері «Рига» деп аталатын Латвия жоғары лигасының былтырғы чемпионымен күш сынасады. Ал 1 наурызда Ресей Футбол Ұлттық лигасының (ФНЛ) турнирлік кестесінде бірінші орында тұрған «Шинник» (Ярославль) клубына қарсы кездесу өткізу жоспарланған.

«Ақтөбенің» үшінші оқу-жаттығу жиыны 4 ақпанға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×