Оралдық «Ақжайық» 28 жастағы черногориялық шабуылшы Шалета Кордичпен қоштасқанын хабарлады.
Келісім-шарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.
Шалета Кордич «Ақжайыққа» осы жылдың ақпан айында еркін агент ретірде қосылған болатын. Содан бері оралдық клуб үшін 2 матч өткізіп, небәрі 12 минут ойнады.
Кордич – сербиялық «Войводинаның» түлегі. Бұған дейін ол «Нови Сад», «Борца», черногориялық «Сутьеска», «Зета», «Подгорица», «Грбаль», «Будучность» және ресейлік «Чайка» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.
Ойыншы Черногория құрамасында бір ғана ойын өткізген.