«Ақжайық» екі ресейлік футболшыны қатарға қосты

19.02.2021, 21:45
Такулов өткен маусымда ҚПЛ-де ойнады.
«Ақжайық» екі ресейлік футболшыны қатарға қосты

"Ақжайық" футбол клубы екі ресейлік футболшы - Сослан Такулов және Марат Бураевпен еңбек келісім-шартын түзді

25 жастағы жартылай қорғаушы Сослан Такулов өткен маусымды Қарағандының "Шахтерінде" өткізді. Жалпы "кеншілер" үшін 16 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді. Бұған дейін ол әртүрлі ресейлік клубтарда, сондай-ақ грузиялық "Рустави" мен беларуссиялық "Слуцк" командасында ойнаған.

25 жастағы жартылай қорғаушы Марат Бураев та "Слуцк" клубында Сослан Такуловпен бірге ойнады. Бұған дейін ол "Краснодардың" жастар командасында, ресейлік "Беркут", "Севастополь", "Спартак Владикавказ" және "Крымтеплица" клубтарында, сондай-ақ армениялық "Пюник" пен "Арцахта" ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×