«Ақжайық» клубына жаңа директор тағайындалды

04.07.2022, 15:17
Қазақстандық маман кезінде «Қайсар» және «Каспий» клубтарында доп тепкен.
«Ақжайық» клубына жаңа директор тағайындалды

34 жастағы қазақстандық маман Айдос Бәйтенов «Ақжайық» клубының директоры болып бекітілді.

Бәйтенов кезінде жартылай қорғаушы ретінде ойнаған. 2005-2010 жылдар аралығында «Қайсардың» намысын қорғап, онымен екі рет Бірінші лига чемпионы атанды. Оның мансабындағы екінші және соңғы клубы ақтаулық «Каспий» болды.

Айдос Премьер-лигада 70-тен астам, Бірінші лигада 60 шақты ойын өткізген. Сонымен қатар, 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамаларында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Бәйтенов жарақатына байланысты мансабын ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Еңбек жолын аяқтаған соң Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (2013-2019) және «Қайсар» құрылымында (2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін) қызмет атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×