«Ақжайық» сербиялық шабуылшыны керек қылмады

24.07.2022, 17:54
Футболшы оралдық клуб сапында бірде-бір матч өткізбеді.
«Ақжайық» сербиялық шабуылшыны керек қылмады

26 жастағы сербиялық шабуылшы Джордже Ивкович «Ақжайықтан» кетті.

Ивкович оралдық клубқа Маусым айының соңында қосылған болатын. «Ақжайық» сапында бірде-бір ойын өткізбеген футболшы 3 аптадан кейін клубтан кетті.

Айта кетейік, сербиялық шабуылшы командаға Владимир Мазярдың тұсында келген еді. Бірақ оралдық клуб 14 шілде күні 39 жастағы молдовалық маман Игорь Пикущакты бас бапкер қызметіне тағайындады. Оның жетекшілігімен «Ақжайық» алғашқы матчында «Каспийді» 3:1 есебімен ұтып, 9 матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×