«Ақжайық» төрт футболшымен толықты

27.02.2022, 16:28
Оралдық клуб төрт позицияға ойыншы алды.
«Ақжайық» төрт футболшымен толықты

«Ақжайық» клубының баспасөз қызметі Константин Махновский, Милош Стаменкович, Рафаэль Сабино және Оралхан Өміртаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

33 жастағы украиналық қақпашы Константин Махновский «Динамо Киевтің» түлегі. Бұған дейін Польшаның «Легия», «Лодзь», украиналық «Оболон», «Десна», «Сумы», «Олимпик», әзірбайжандық «Раван» және латвиялық «Вентспилс» клубтарында өнер көрсеткен. Ойыншының соңғы клубы «ВПК-Агро» болды (14 матч, 20 гол жіберіп алды).

31 жастағы сербиялық қорғаушы Милош Стаменкович «Пролетар» клубының түлегі. Айта кетейік, Стаменкович бұған дейін «Ертіс» сапында өнер көрсеткен, павлодарлық клуб үшін 61 матч өткізіп, 6 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

25 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Рафаэль Сабино мансабының көп бөлігін туған жерінде өткізді. 2018 жылы «Львовқа» ауысып, онда 2021 жылдың тамызына дейін ойнады. Украиналық клуб жейдесінде 67 матч өткізіп, 2 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды.

23 жастағы шабуылшы Оралхан Өміртаев қарағандылық «Шахтердің» түлегі. 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың маусымына дейін «Тобылда» ойнап, кейін қарағандылық клубқа оралды. Ол Қазақстан Премьер-лигасында бас-аяғы 92 матч өткізіп, 12 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×