«Ақжайық» - «Тұран» ойыны кейінге шегерілді

11.03.2022, 19:21
Ауа-райы матчты өткізуге мүмкіндік бермеді
«Ақжайық» - «Тұран» ойыны кейінге шегерілді

Ауа-райының қолайсыздығына және ойыншылардың жарақат алу қауіпіне байланысты OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты 2-турының «Ақжайық» - «Тұран» ойынын басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылданды деп хабарлайды ҚКФЛ баспасөз қызметі.

Ойынның төрешілер бригадасы «Ақжайық» стадионынының алаңын тексерді. Төсеніштің беті мұзбен жабылған, үздіксіз жауған қар алаңды тазарту жұмыстарын қиындатуда.

Алаңның қазіргі кездегі жағдайына байланысты ойынға қатысатын клубтардың келісімімен, сондай-ақ төрешілер бригадасы мен ҚКФЛ шешімімен кездесу кейінге ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×