Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, украиналық қорғаушы Виталий Приндета "Ақжайық" ойыншысы атанды.
28 жастағы орталық қорғаушы Украина чемпионатында "Волынь", грекиялық "Платаниас", "Ламия" және ресейлік "СКА-Хабаровск" клубтарында доп тепкен. Сонымен қатар өз елінің жастар мен жасөспірімдер құрамасы үшін 50-ден астам матч өткізген.
Бірақ Приндета қаңтар айынан бастап клубсыз жүр. Десе де бұл жағдай оралдық клубтың жаттықтырушылар штабын алаңдатпады, сондықтан ұзын бойлы қорғаушы жақын арада "Ақжайық" командасының орналасқан жеріне келуі керек.
Біздің серіктес: FONBET