«Ақжайық» үш футболшымен келісім-шартқа отырды

01.07.2021, 18:24
Оралдық клуб трансферлік терезе ашыла салысымен іске кірісіп кетті.
«Ақжайық» үш футболшымен келісім-шартқа отырды

Оралдық "Ақжайық" 23 жастағы грузиялық шабуылшы Лука Имнадземен, 32 жастағы молдовалық қақпашы Степан Сикачпен және 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Михаил Гащенковпен келісім-шарт жасасты.

Лука Имнадзе - грузиялық "Гурияның" тәрбиеленушісі. Сонымен қатар ол өз елінде "Сабуртало", "Колхети", "Рустави" және "Самтредия" командаларында ойнады. Өткен жылы шабуылшы әзірбайжандық "Сабаил" клубында 13 матч өткізіп, тиімді әрекеттерімен ерекшеленбеді.


Степан Сикач - молдовалық "Шерифтің" түлегі. Ол осы уақытқа дейін "Терек", "Волгарь", "Салют", "Торпедо" және "Афипс" сияқты ресейлік клубтарда өнер көрсетті. Содан кейін ол Грузия чемпионатына ауысып, онда "Колхети", "Динамо Тбилиси" және "Самтредиа" командаларында өнер көрсетті. Қақпашы 2009 жылы Молдованың жастар құрамасы үшін бір матч өткізді.


Михаил Гащенков - мәскеулік "Локомотив" клубының түлегі. Ол "Химки", "Амкар", "Ахмат", "СКА Хабаровск" және "Нижний Новгород" сияқты ресейлік клубтарда ойнады. Жалпы ол мансабында 243 матч өткізіп, 25 гол және 11 нәтижелі пастың авторы атанды.

Өткен маусымда 29 жастағы жартылай қорғаушы "Нижний Новгородта" жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×