«Ақжайықпен» ұпай бөліскен «Тұран» жеңіліссіз сериясын бес матчқа ұзартты

16.10.2021, 21:55
«Тұран» Қуаныш Қабдоловтың жетекшілігімен өткізген үш матчында да жеңілмеді.
«Ақжайықпен» ұпай бөліскен «Тұран» жеңіліссіз сериясын бес матчқа ұзартты

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Ақжайық" пен "Тұран" командалары тең ойнады. Матч Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 30-минутында Михаил Гащенков акробатикалық стильде соққы жасап, алаң иелерін алға шығарды. Бірақ 73-минутта түркістандықтар жауапты голды соғып кетті. Қорғаушыдан серпілген допты Павел Деобальд қақпаның қақ ортасына бағыттап, командасына ұпай алып берді.

Бұл ойыннан кейін оралдық клуб 31 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. 25 ұпайы бар Қуаныш Қабдолов шәкірттері он екінші орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×