«Ақжайыққа» жаңа бапкер мен ойыншылар келді

20.02.2012, 08:34
«Ақжайыққа» жаңа бапкер мен ойыншылар келді
  Биыл футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығына» жаңа бапкер мен ойыншылар келді.
«Ақжайық» футбол клубынан Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, команда тізгінін словакиялық маман, 1962 жылғы, ойыншы әрі бапкер ретінде де біршама тәжірибесі бар Жозеф Шкрлик ұстады. «Ақжайықпен» шарт жасасқан ойыншылар қатарында қақпашы, павлодарлық «Ертістің» түлегі, өткен жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасына алынған Антон Циринді ерекше атауға болады. Сондай-ақ жартылай қорғаушы, қадамын Өскеменнің «Востогында» бастаған Вячеслав Эрбес, 2005 жылы Қазақстан құрамасы сапында ойнап үлгерген шабуылшы Максим Азовский, жартылай қорғаушы Евгений Коструб бар. Сонымен қатар шетелдік қорғаушылар, 1984 жылғы камерундық, кезінде өз елінің құрамасына тартылған Саджио Хаман, 1985 жылғы чехиялық Хлебоун Якуб, 1982 жылғы болгариялық Янко Валканов «Ақжайықтың» құрамында бағын сынап көрмек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×