«Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кетті

04.07.2022, 14:57
Бұл туралы украиналық маманның өзі хабарлады.
«Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кетті

«Ақжайық» командасының бас бапкері Владимир Мазяр қызметінен кетті.

«Жігіттермен сөйлесіп және қоштасып үлгердім. Мен бас бапкер қызметінен кетемін. Барлығы өз уақытымен болды. Команда үшін де, бүкіл қала үшін де осы шешім дұрысырақ болады деп ойлаймын. Соңғы сегіз матчта екі ұпай алдық... Бірақ біз қолымыздан келгенін істеуге тырыстық. Кез-келген оқиғаның басы және соңы болады. Сондықтан клубтан кететін кез келді. Менің тұсымда команда жақсы нәтиже көрсетті деп ойлаймын. Тек соңы сәтсіз аяқталды. Біз команданы күшейтуге тырыстық... Жаңа көзқарас, тың эмоциялар клубты алға жылжытады деп ойлаймын. Енді жұдырықтай жұмылып, қала мен жанкүйерлерді қуантуға керемет мүмкіндік бар.

Мен басшылыққа, жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Түсінемін, қазір барлық жаман пікірлер командаға әсер етеді. Мен бұл команданың бас бапкерімін, бәрін оқып, адам ретінде, жаттықтырушы ретінде өз сөзіме жауап беру керектігін түсінемін. Барлығына рахмет және сәттілік!» - деді Мазяр «Қайратпен» болған матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Владимир Мазяр «Ақжайықты» 2021 жылдың басында тізгіндеген еді. Өткен маусымда оның жетекшілігімен команда турнирлік кестеде тоғызыншы орынды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×