«Ақжайықтың» бас бапкері «Шахтермен» болған матч кезінде ауруханаға жеткізілді

13.04.2021, 23:20
Мазяр өзін жайсыз сезінген екен.
«Ақжайықтың» бас бапкері «Шахтермен» болған матч кезінде ауруханаға жеткізілді

"Ақжайық" командасының бас бапкері Владимир Мазяр жедел түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабардайды журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

"Шахтер" - "Ақжайық" матчының екінші бөлігінде оралдық клубтың жаттықтырушысы Владимир Мазяр жүрек мәселесіне байланысты өзін нашар сезінді. Бұл жағдай "Ақжайық" екінші голды соққаннан кейін болды.

Оған сол жерде алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін украиналық маманды жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді.

Айта кетейік, аталған кездесуде "Ақжайық" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×