Әр екi жыл сайын бiр бапкер…

26.01.2011, 21:59
Әр екi жыл сайын бiр бапкер…
Аламан

Қазақстан құрама командасының футболшылары 11 ақпан күнi Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткiзедi. Былтыр Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарында төрт кездесу өткiзiп, соның төртеуiнде де жеңiлген елiмiздiң аяқдопшылары А тобының соңғы орынында келедi. Наурыз айында iрiктеу ойындарын қайта жалғастыратын ұлттық құраманың қалған алты ойында қанша ұпай алатынын дөп басып айту қиын. Қазақстан футбол қауымдастығының басшылары «төрт ойында үш ұпай алмадың» деп ұлттық құраманың бас бапкерi Бернд Шторктi қызметiнен босатқаны кеше ғана. Әзiрге, немiс маманының орнын кiм басатыны белгiсiз. Бiзге белгiлiсi, Беларусь футболшыларымен болатын ойын Түркияның Анталья қаласында өтедi.

Бернд Шторктiң дәуiрi жүрiп тұрған шақта Қазақстан құрама командасының футболшылары Беларусь құрамасымен бiр емес, екi мәрте кездестi. Екi ойын да 2010 жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары аясында өттi. Өкiнiшке қарай, Бернд Штанге жаттықтыратын Беларусь футболшылары екi ойында да iрi есеппен жеңiске жеттi. Алдымен беларусьтар Алматыда елiмiздiң аяқдопшыларын 5:1 есебiмен есiнен тандырса, артынша Бресте өткен кездесуде 4:0 есебiмен тас-талқан еттi. Дәл қазiр «Қазақстан құрама командасының бас бапкерi кiм болады?» деген сұрақ күн тәртiбiнде бiрiншi кезекте тұр. Елiмiздегi аяқдоп шаруашылығын басқарып отырған басшылар былтыр Бернд Шторктi қызметiнен қуған кезде жаңа бапкердiң есiмiн жаңа жылдан кейiн жариялаймыз деген едi. Әзiрге, қауымдастық тым-тырыс жатыр. Қазақстан құрама командасын осы уақытқа дейiн он бiр бапкер басқарыпты. Демек, алдағы уақытта белгiлi болатын бас бапкер Қазақстан футбол тарихына он екiншi болып тiркеледi. Он екiншi бапкердiң кiм болуы мүмкiн? Шетелдiк пе, әлде отандық бапкер ме? Осы сұрақтың төңiрегiнде жауап iздеп көрсек. Алдымен Қазақстан футбол қауымдастығының баспасөз орталығының жетекшiсi Исмаил Бзаровқа хабарластық. Сонау Ресейден келiп, Қазақстан футбол қауымдастығының баспасөз орталығын басқарып отырған И.Бзаров жарытып ештеңе айтпады. «Қазақстан құрама командасының бапкерi кiм болатынын мен де бiлмеймiн», – дейдi Бзаров. – Қазақстан футболшылары 1 ақпанда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Түркияда он күндей жаттығу жұмыстарын жүргiзiп, 11 ақпанда Беларусь құрамасымен ойнайды. Оған дейiн Қазақстан футбол қауымдастығының басшылары бас бапкердi тағайындауға мiндеттi. Менiң ойымша, басшылары осы аптаның iшiнде тiзгiндi ұстайтын бапкердi атауы тиiс. Болашақ бас бапкер шетелдiк немесе отандық бапкер бола ма, оны да дөп басып айта алмаймын. Өйткенi, мұның бәрiн жоғарғы жақтағы басшылар шешедi… Қазақ футболының қара нары, даңқты қақпашы Құралбек Ордабаевтан да құрама төңiрегiндегi мәселеге байланысты сұраған едiк. – Қазақстан құрамасының бас бапкерлiгiне тиәжiрибелi бапкердi әкелген дұрыс, – деп Құрекең кесiмдi сөзiн айтты. – Былтыр Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарын өткiзген Қазақстан құрама командасы әлемге масқара болды. Оған кiм кiнәлi? Әрине, Қазақстан құрама командасының бас бапкерi Бернд Шторк кiнәлi. Шторктiң қателiгi, елiмiздiң нөмiрi бiрiншi құрамасының тiзгiнiн кiлең жастарға табыстап қойды. Бұлай ешқашан болмауы керек. Өйткенi, ұлттық құрамаға эксперимент жасауға болмайды. Оның үстiне бiздiң футболшылар жолдастық кездесу емес, Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарына қатысып жатыр. Ұлттық құрамаға келiп, жастармен жұмыс iстеймiн дегендi қою керек. Жастар тек жастар құрамасында ойнасын. Ұлттық құрамада тек қана тәжiрибелi, пiсiп-жетiлген ойыншылар ойнауы тиiс. Менiң ойымша, Қазақстан құрамасының бас бапкерi етiп, шетелдiң тәжiрибелi бапкерiн қойған дұрыс. Осы уақытқа дейiн Қазақстан құрамасын үш бiрдей шетелдiк бапкер жаттықтырды. Нәтижесi қалай болғанын көздерiңiз көрдi. Футбол басшылары елiмiзге өңшең тәжiрибесi жоқ, әлсiз бапкерлердi әкеледi. Олардың өзi құраманы бастап шықпақ түгiлi, қоластындағы футболшыларына сөздерi өтпейдi. Содан кейiн, бас бапкерге көмекшi етiп Бабаян, Бакулин сияқты жаттықтырушыларды қоймау керек. Олар не үйретедi? Алдымен өздерi допты түзу теуiп алсын. Егер Қазақстан құрамасына шетелдiк бапкер тағайындалып жатса, мiндеттi түрде оның жанына тәжiрибесi мол, қазақ футболын басынан бақайшығына дейiн бiлетiн жаттықтырушыны тағайындаған дұрыс. Мәселен, Қазақстанда Қайрат Айманов, Қанат Мұсатаев, Берiк Арғымбаев сынды талантты, жас бапкерлер бар. Соларды неге қоймасқа?! Владимир Фамичев пен Дмитрий Огайды Қазақстанға сыйдырмадық. Кезiнде Владимир Фамичев Қазақстанның жастар құрамасын әлем чемпионатына алып барды. Огай да, Фамичев та бiлгiр мамандар. Осы бапкерлер Қазақстан құрамасының бас бапкерiнiң көмекшiсi мiндетiн атқаруға шамалары жеткiлiктi ғой… «Ұзынқұлаққа» сенсек, жақында Қазақстан құрамасының бас бапкерлiгiне Равиль Сабитов, Хольгер Фах, Владимир Муханов «үштiгiнiң» бiрi келуi мүмкiн деседi. Қостанайдың «Тобылын» чемпиондық мәртебеге жеткiзген Равиль Сабитов пен «Ақтөбенiң» бас жаттықтырушысы Владимир Мухановтың құрама тiзгiнiн ұстауы екiталай. Ал Хольгер Фах ше? Естуiмiзше, Астананың «Локомотивiн» баптайтын немiс маманы Шторктiң «мұрагерi» атануы бек мүмкiн. Бұл туралы Құралбек Ордабаев ойын былай деп тарқатты: – Хольгер Фахтың Қазақстан құрама командасының бас бапкерi болатынына 99 пайыз сенiмдiмiн. Бiрақ, Қазақстан футбол қауымдастығының басшылары Фахты бас бапкердiң мiндетiн атқарушы етiп қоюы да ғажап емес. Өйткенi, осы жылдың күзiнде Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары мәресiне жетедi. Сондықтан немiс маманына тiзгiндi уақытша ұстатып, кейiннен нәтижесi жақсы боп жатса, 2012 жылы бас бапкер етiп тағайындай салады. Кезiнде Қазақстанның жасөспiрiмдер құрамасын бiраз жыл жаттықтырған Бауыржан Сәрсекеновтiң пiкiрi де Құралбек Ордабаевтың пiкiрiмен бiр жерден шықты. Бауыржан Сәрсекенов те Қазақстан құрама командасын шетелдiң мықты бапкерi жаттықтыру керек деген ой түйдi. – Қазiргi таңда Қазақстандағы спорттың кез келген түрiн алыңыз. Онсыз да шетелдiк бапкерлер көбейiп кеттi. Мәселен, хоккейдi алып қараңызшы?! Ерлан Сағымбаевтан басқа отандық бапкерлердi көре алмайсың. Футболға келейiк. Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жүрген командалардың бас бапкерлерi кiлең шетелден келген бапкерлер. Бес-ақ командада отандық бапкерлер қызмет жасайды. Олар: Байсуфинов, Әбдуғалиев, Талғаев, Масудов және Никитенко. Қалғандарының бәрi Ресейден, Әзiрбайжаннан, Молдовадан, Украинадан келген бапкерлер. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болғанына жиырма жылдай уақыт болды. Сонда жиырма жылдың iшiнде премьер-лига командаларын жаттықтыратын бес-ақ бапкер дайындадық па?! Ұлттық құрамаға келер болсақ, тiзгiндi шетелдiң тәжiрибелi маманына ұстатқанымыз жөн болар. Бiрақ, оның көмекшiсi етiп, өзiмiздегi бiлiктi мамандарды тағайындауымыз қажет. Мәселен, Ташкентке кеткен Владимир Фамичев. Бiз Фамичевтi дұрыс бағалай алмадық. Владимир Фамичевтi бас бапкердiң көмекшiсi етсек, дұрыс болар едi. Бiрақ, ондай күн қайда?.. Қазанның «Рубинiн» жаттықтыратын Құрбан Бердыевпен бiрге бiр клубта жұмыс iстеген Бауыржан Сәрсекенов елiмiздегi тәжiрибелi жаттықтырушылардың бiрi. Қазақстандағы бапкерлердiң арасында «pro» дәрежесiне бiрiншi болып жеткендердiң бiрi де осы Бауыржан Сәрсекенов. – Егер маған ұлттық құраманың бас бапкерiне көмекшi бол десе, мен ешқашан қашпас едiм. Өйткенi, оған менiң тәжiрибем де, бiлiктiлiгiм де жетедi. Бiрақ, ондай шақыру қайда, – дейдi Б.Сәрсекенов. Қазақстан құрамасының футболшылары 11 ақпанда Беларусь құрамасымен болатын жолдастық кездесуден кейiн кезектi демалысқа шығады. Одан кейiн бiздiң аяқдопшылар наурыз айының басында тағы бiр бас қосып, Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарына дайындалады. 26 наурыз күнi Қазақстан құрамасы алман жерiне ат басын бұрып, алаң иелерiмен күш сынасса, одан кейiн Әзiрбайжан құрамасын қабылдайды.

Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×