Арда Тұранның командасы Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешикташымен» бәсекелесуде

31.03.2025, 16:30

Бүгін Түркия Суперлигасының 29-турында «Эюпспор» өз алаңында «Башакшехирді» қабылдамақ. Әйгілі футболшы қазіргі бапкер алаң иелерін алға қамшылайды.

Арда Тұранның командасы Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешикташымен» бәсекелесуде
Арда Тұран

Түркиялық футбол аңызы Арда Туран жаттықтыратын клуб қазір турнир кестесінде бесінші орында. «Эюпспор» келесі маусымда еурокубоктарға қатысуды көздейді. Жолдамаға таластағы негізгі бәсекелесі біздің Бахтиер Зайнутдинов намысын қорғайтын «Бешикташ».   

 Максат Еурододалар болғанымен, Арда Тұранның шәкірттері соңғы уақытта сүреңсіз ойнауда - соңғы сегіз матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Сондықтан, алаң иелері осы маусымдағы аутсайдерлердің бірі «Башакшехирге» қарсы ойында ұпай санын арттыруға ниетті. «Эюпспордың» ойынын ме ннәтижесі әрине шабуыл өтіндегі басты актив Кшиштоф Пентекке байланысты. Қос команданың бірінші айналымдағы кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×