Ардагер футболшы "Тобыл" - "Астана" кездесуі жайлы: елордалықтар бұл бәсекеде басым түседі

01.11.2024, 14:21

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Мұрат Сүймағамбетов премьер-лиганың 25-турындағы бірнеше кездесуге қатысты болжамын айтты.

Ардагер футболшы "Тобыл" - "Астана" кездесуі жайлы: елордалықтар бұл бәсекеде басым түседі
"Астана" футболшылары голдарын тойлауда

Ардагердің пікірінше, турдағы орталық матчтың бірінде «Астана» «Тобылдан» басым түседі.

«Астананың» қазіргі қарқыны мықты және мәреге таяғанда маңызды ұпайларын жоғалтпайды. Елордалықтар бұл бәсекеде басым түседі деп ойлаймын.

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы сондай-ақ, «Ордабасы» - «Қайрат» кездесуіне де тоқталған болатын.

«Бізді өте тартысты ойын күтіп отыр деп ойлаймын. Командалардың бұл кездесуде жеңіске жету мүмкіндігі бірдей – 50-де 50 пайыз. Психологиялық тұрғыда басым болғаны жеңіске жетуі тиіс», - деп түйіндеді М. Сүймағамбетов.

Айта кетейік, осы демалысты ҚПЛ-дің 25-тур ойындары болады. Премьер-лиганың екі туры қалғанда «Астана» көш бастады. Елордалық клубтың қоржынында 43 ұпай. Екінші сатыдағы «Қайратта» 41, одан кейінгі «Ордабасының» қоржынында 39 ұпай бар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×