Елдің футбол Федерациясы президенті үлкен дауға ілікті.
2017 жылдан бері Аргентина футбол Федерациясын басқарып келген Кладио Тапиаға 4,5 млн еуро жымқырды деген айып тағылып отыр. Ол міндетті салық төлемей алаяқтық іс-әрекетпен айналысқан.
Мәселен, қараша айында Аргентина Анголамен жолдастық кездесу өткізгені үшін рекордтық 10 млн еуро алды. Бұл халықаралық жолдастық кездесулерде төленген ең рекордтық сумма болып есептелінді.
ФИФА бұл жағдайды құптап отырған жоқ. Алдағы уақытта футбол қауымдастығы Аргентина құрамасын мундиальға жарты жыл қалғанда жарыстан шығарып тастауы мүмкін.