Аргентина бапкері Серхио Батиста оставкаға кетті

27.07.2011, 19:54
Аргентина бапкері Серхио Батиста оставкаға кетті

Өз елінде өткен Америка кубогі жолындағы додада сылбыр өнер көрсеткен Аргентина ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Серхио Батиста қызметінен кетті. Мән-жайды зерттей келген Ұлттық құрама жөніндегі комиссия бапкермен екіжақты келісім шартты бұзуды жөн санаған. Былтырғы Әлем чемпионатынан кейін сол кездегі Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Марадонаны алмастырған Батиста да Аргентина футболының абыройын асқақтата алмады. Сонымен қатар құраманың спорт жөніндегі директоры Карлос Билардоның жылы орнында қалуы екіталай болып тұр. Осы жәйттердің нәтижесінде Румыниямен тамыз айына жоспарланған жолдастық матч та кейінге шегерілді. “Аузы күйген үрлеп ішеді ” демекші Аргентина футбол федерациясы ұлттық құраманың ендігі бас бапкерін тағайындауға асықпайтын сыңай танытып отыр.

ктк

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×