Аргентина құрамасының бас бапкері белгілі болды

30.07.2011, 07:15
Аргентина құрамасының бас бапкері белгілі болды
Өз жерлерінде өткен соңғы Америка кубогіндегі сәтсіздіктен сабақ алған Аргентина футбол қауымдастығы Серхио Батистаны орнынан босатқаннан кейін, құрама тізгінін Алехандро Сабельяға сеніп тапсыруды жөн көріпті. 56 жасар маман мен Аргентина құрамасы арасындағы келісім-шарт 2014 жылы Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне дейін жасалды. Алехандро Сабельяның соңғы жұмыс орны аргентиналық «Эстудиантес» командасы болатын. Аргентинаның су жаңа бапкері ғұмырындағы жетістіктеріне де осы ұжыммен жеткен болатын. 2009- жылы Америкада Чемпиондар лигасының баламасы саналатын Либертадорес кубогында жеңімпаз атанған. Ұлттық құрама деңгейінде тәжірибесі аздау көрінеді. Тек Даниэлле Пассареллаға көмекші болып Уругвай мен Аргентина командаларымен жұмыс істеді демесеңіз. Алехандро Сабельяға да жүктелетін ең бірінші тапсырма әлемнің үздік ойыншысы Лионель Мессиді ұлттық құрама қатарында өз деңгейінде ойната алуы болары сөссіз. Бұдан бұрын Марадонна мен Серхио Батистанының қолынан келмеген бұл істі жаңа бапкер жүзеге асырар. Кім біледі ? Уақыт төреші…
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×