Аргентиналық футболшы Мадридтік дербиде хет-трик жасады

25.09.2025, 17:00

Аргентиналық шабуылшы Хулиан Альварес “Атлетико Мадрид” сапында тарихи жетістікке жетті. 

Аргентиналық футболшы Мадридтік дербиде хет-трик жасады

Хулиан Альварес Ла Лиганың 6-турында өткен Мадридтік дербиде “Райо Вальеканоның” қақпасына үш гол соғып, командасына 3:2 есебімен жеңіс сыйлады.

El Grafico дерегінше, бұл – Альварестің Еуропадағы алғашқы хет-тригі. Бұған дейін ол соңғы рет бір ойында үш және одан да көп голды 2022 жылдың 26 мамырында, Кубок Либертадорес матчында соққан еді. Сол кездесуде Альварес “Ривер Плейт” сапында Перудің “Альянса Лимасын” 8:1 есебімен ұтқан ойында бірден алты голдың авторы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×