Аргентинаның экс-қақпашысы: «Сетьеннің орнында болсам Мессиді қосалқы құрамға қалдырар едім»

01.07.2020, 03:52
«Барселонаның» қазіргі ойыны көңіл қуантпайды, Мессиді алып тастаса не болады?
Аргентинаның экс-қақпашысы: «Сетьеннің орнында болсам Мессиді қосалқы құрамға қалдырар едім»

Аргентинаның бұрынғы қақпашысы Уго Орландо Гатти «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жоғары деңгейлі ойын көрсетпей жүр деген пікір білдірді.

«Лионель өзін бұрынғы Месси сияқты сезінбейді. Мәселе командаластарында емес, ол әрдайым "Барселона" үшін жалғыз өзі ойнаған. Егер мен Сетьеннің орнында болсам, Мессиді қосалқы құрамда қалдырар едім», - делі Орландо Гатти берген сұхбатында.

33 жастағы Месси - "Барселонаның" түлегі. Осы маусымда аргентиналық шабуылшы Испания Чемпионатының 27 матчына қатысты (негізгі құрамда - 26), 21 гол соқты (кестенің алғашқы жартысындағы командаларға небәрі төрт гол) және 17 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×