“Аркадаг” командасы чемпионатты мерзімінен бұрын жеңімпаз болып аяқтады

2023 жылы құрылған клуб 3 маусым қатарынан ішкі біріншілікте топ жарып отыр.

“Аркадаг” командасы чемпионатты мерзімінен бұрын жеңімпаз болып аяқтады

Биылғы жылы “Аркадаг” командасы 22-турда бірде-бір жеңіліс таппады. Соның нәтижесінде Ашхабад ұжымы чемпиондыққа таласта “Шагадам” мен “Алтын Асырдан” бақандай 26 ұпайға озып кетті. 

Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Аркадаг клубын құрған сәттен бері “Алтын Асыр” ұжымы нансыз қалды. 2023 жылға дейін ел біріншілігін 8 мәрте жеңген команда 3 жыл қатарынан тек екінші немесе үшінші орынды қанағат етіп келеді. Және бір қызығы “Алтын Асыр” мен “Аркадаг” ойнаған сәтте ылғида “алтын дәуір” командасы есе жіберіп қояды. Әрине, бұның барлығына түрікмендердің басшысы саналған Гурбангулы Бердымұхамедовтың ықпалы болғанын іштей біліп отырмыз. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×