Арман Кеңесов: «Астана» «Қайратты» жеңгеніміз үшін сыйақы төледі деген әңгіме шындыққа жанаспайды»

18.05.2021, 05:03
Сол жылы павлодарлық клуб «Қайратты» 5:0 есебімен жеңген еді.
Арман Кеңесов: «Астана» «Қайратты» жеңгеніміз үшін сыйақы төледі деген әңгіме шындыққа жанаспайды»

"Ертіс" клубының бұрынғы ойыншысы Арман Кеңесов Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында 2019 жылғы чемпиондықтың тағдырын шешкен "Қайратпен" болған матч (5:0) туралы пікір білдірді:

- Әрине, "Қайратпен" өткен ойыннан кейін Павлодарда үлкен мереке болды. "Ертіс" сапында өткізген әр матчым ең жақсы естелік болып қалады. Бірақ ең маңыздысы - Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамалары үшін өткізген ойындарым.

- "Қайратқа" гол соғып, "Астанаға" мерзімінен бұрын чемпиондықты сыйлағанда қандай сезімде болдыңыз?

- Біз "Астана" туралы ойлаған жоқпыз (күлімсіреді). Біз өзіміз үшін күрестік. "Ертістің" сол кезде турнирлік кестедегі өз орнын жоғалтқаны ұят болды. Бұл ешқашан Премьер-лигадан шықпаған клубтардың бірі. Ал қазір тек "Шахтер"қалды... Ол команданың қазір болмағаны өте өкінішті. Бірақ біз "Ертіс" бір күні "Жеңіс" секілді қайта оралады деп сенеміз. Павлодар үшін және бүкіл Қазақстан үшін бұл бай тарихы бар керемет клуб.

- "Астананың" сол матчта "Қайратты" жеңгендеріңіз үшін сыйақы беретіні туралы ақпараттар пайда болды.

- Мұның бәрі өтірік әңгіме. Өздеріңіз білетіндей, адамдар жалған ақпарат жіберуді ұнатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×