Арман Кеңесовтің мансабын қай командада жалғастыратыны белгілі болды

30.11.2021, 04:22
Арман ресейлік клубтың ойыншысы болып табылады.
Арман Кеңесовтің мансабын қай командада жалғастыратыны белгілі болды

«Қайсар» мен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов жақын арада «Ақтөбенің» ойыншысы атанады.

Клуб футболшымен трансфер туралы ауызша келісімге келген.

«Қайсар» Кеңесовті осы жылдың ақпан айында «СКА-Хабаровск» командасынан жалға алған болатын. Арман қызылордалық клуб жейдесінде 25 кездесу өткізіп, 3 гол соғып, бірнеше нәтижелі пас берді.

Кеңесов ресейлік клубтың ойыншысы болғандықтан, «Ақтөбе» футболшыны жалдау шарты бойынша қатарға қоспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×