Қазақстан Футбол Федерациясы төреші Арман Исмуратовтың “Қайсар” - “Ордабасы” кездесуінде қателік жібергенін мойындады, деп жазады match.kz интернет-порталы.
Премьер-лиганың 20-турында төрешілік қызмет жасаған Арман Исмуратовтың басы дауға ілікті. Бас қазы “Қайсар” - “Ордабасы” матчында алаң иелері тарапына қате пенальти берген екен. Бұл жайтты Федерацияның өзі жоққа шығармады.
Жалпы Арман Исмуратовтың бұл төрешілік қызметтегі алғашқы қателігі емес. Бұған дейінде рефери “Ақтөбе” - “Атырау” матчында өрескел ереже бұзған Георгий Жуковты алаңнан қумады.
Айта кетейік, 2021 жылы төреші Премьер-лиганың кезекті кездесуі барысында трибунаға шыға берісте “Атырау” ойыншысы Сәбит Тастанбековты итеріп, ҚФФ тарапынан 1 жылға дейін матчтардан шеттетілген болатын.