"Тобыл" және "Тараз" клубтарының бұрынғы бас бапкері, 51 жастағы Вардан Минасян Қазақстанға қайтып келмек, деп хабарлайды Aladop.kz.
Минасян өз болашағына қатысты жоспарларын бөлісіп, бірнеше клубпен, оның ішінде Қазақстан командаларымен келіссөз жүргізіп жатқанын растады.
“Әзірге нақты ұсыныстар жоқ. Тек сөйлесіп жатырмыз. Түрлі клубтармен байланыстамын, оның екеуі Қазақстаннан. Солардың бірі – "Каспий" клубы.” – деді Минасян Legalbet порталына берген сұхбатында.