Арне Слот: “Қателіктеріміз нәтижеге тікелей әсер етті”

20.10.2025, 12:30

"Ливерпуль" бас бапкері Арне Слот Ағылшын Премьер лигасында "Манчестер Юнайтедтен" жеңілгеннен кейін командасының ойынына баға беріп, жеңілістің басты себептері мен командасының кемшіліктерін атап өтті. 

Арне Слот: “Қателіктеріміз нәтижеге тікелей әсер етті”

Маманның айтуынша, матч өте қиын өтті, себебі қарсылас терең қорғанысқа сүйеніп ойнаған. Сонымен қатар ойынның басында жіберілген гол мен алаңдағы ұсақ жарақаттар "Ливерпульдің” жоспарын бұзған.

"Терең қорғаныс пен ұзын пасқа негізделген командаға қарсы ойнау ешқашан оңай емес. Егер алғашқы минуттарда гол жіберсең, бүкіл жоспар өзгереді. Ал алаңдағы ойыншы жарақат алса, бұл команданың тепе-теңдігіне әсер етеді."— деді Слот.

Бапкер сонымен бірге ойын алдында команда гол соғуға көп мүмкіндік жасайды деп сенгенін, бірақ сол мүмкіндіктерді пайдалана алмағанын мойындады:

"Маған ойында осыншама мүмкіндік туады десе, жеңіске сенер едім. Бірақ футболда бәрі сәттілікке байланысты, кейде көптеген мүмкіндік те голға айналмайды. Бізде сәтсіздік болды, бірақ мүмкіндіктер аз болған жоқ.” — деді ол.

Арне Слот сондай-ақ стандартты жағдайлардағы қателіктерге ерекше тоқталды:

"Біз тағы да стандарттан кейін гол жібердік. Бұған дейін “Кристал Пэласқа” қарсы да осындай қате жібергенбіз. Қазіргі футболда мұндай сәтсіздіктер қымбатқа түседі. Егер команда стандарт кезінде сенімсіз ойнаса, жеңу қиын.” — деп атап өтті маман.

Слоттың айтуынша, "Ливерпуль" допты бақылауда ұстап, ойынның бастамасын өз қолына алғанымен, соңғы соққы кезінде дәлдік пен салқынқандылық жетіспеген.

"Бізде екі, тіпті үш гол соғуға жеткілікті мүмкіндік болды. Бірақ соңғы сәттерде суыққанды шешім мен нақтылық жетпеді. Осындай ұсақ қателіктер осындай деңгейдегі матчтарда шешуші рөл атқарады." — деді бапкер.

Сөз соңында Слот командамен бірге әрбір сәтті мұқият талдап, келесі ойындарда осындай қателіктерге жол бермеуді мақсат етіп отырғанын айтты.

"Біз жеңілдік, бірақ ойынымыз жаман болған жоқ. Басты мәселе – гол соғу мүмкіндіктерін пайдалана алмау." — деп қорытындылады Арне Слот.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×