Арнольд Кнауб: «Әлем чемпионатының жартылай финалында ойнауға лайық екенімізді дәлелдедік»

28.09.2021, 15:50
Кнауб кешегі ойында таразы басын теңестірді.
Арнольд Кнауб: «Әлем чемпионатының жартылай финалында ойнауға лайық екенімізді дәлелдедік»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Арнольд Кнауб әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен болған ойынды (3:2) қорытындылады:

- Керемет эмоцияларды бастан өткерудеміз. Біз шынымен жеңгіміз келді. Бұл біз үшін, барлық ойыншылар үшін тарих болып саналады. Әлем чемпионатының жартылай финалына шығу - үлкен арман. Эмоцияға байланысты бірдеңе деп айту өте қиын.

- Бүгінгі ойын қаншалықты қиын болды?

- Матч біз үшін керемет басталған жоқ. Бізде екі жылдам гол жіберіп алдық, бірақ үзілістен кейін біз өз ойынымызды көрсеттік. Біз ойынға кірдік және әлем чемпионатының жартылай финалында ойнауға лайық екенімізді дәлелдедік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×