Арнольд Кнауб өнер көрсететін ресейлік клуб жабылып қалды

23.02.2022, 17:03
Бұған қаржылық мәселе себеп болған.
Арнольд Кнауб өнер көрсететін ресейлік клуб жабылып қалды

«Динамо-Самара» футзал клубы Ресей чемпионаты мен ел кубогіне қатысу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс» порталы.

Бұған клубтағы қаржылық мәселе себеп болған. Суперлиганың қалған матчтарында «Динамо-Самара» клубына 0:5 есебімен техникалық жеңіліс жазылатын болады.

Кеше самаралық команда жиналыс өткізіп, ойыншылар мен қызметкерлерге клубтың жабылғаны туралы хабарлады.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айынан бері футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб «Динамо-Самара» клубында өнер көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×