Арнольд Кнауб: «Қазақстан – мықты команда, қарсылас бізге басқаша қарайды»

15.12.2021, 19:01
Кнауб кешегі ойында бір гол соқты.
Арнольд Кнауб: «Қазақстан – мықты команда, қарсылас бізге басқаша қарайды»

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Өзбекстанға қарсы өткен бірінші жолдастық кездесу (3:1) туралы пікір білдірді:

- Біз матчқа бір-екі күн қалғанда жиналдық. Кейбір ойыншыларда кішігірім жарақаттар бар. Негізінде бәрі оңтайлы формада, бірақ жарақат өз әсерін тигізбей қоймайды. Бізде үш жаттығу болды, бірақ олар өте жеңіл өтті, өйткені қазір бапкерлік курс болып жатыр. Біз болашақ және қазіргі бапкерлерімізге тәжірибе жинақтауға көмектесеміз, содан кейін олардың біреуі ұлттық құраманы немесе үлкен командаларды басқарады.

Матч біз үшін жақсы өтті. Біз бірден қысым жасай бастадық, алғашқы минуттарда көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ жүзеге асыра алмадық. Бір жерде жолымыз болмады, бір жерде концентрация жетіспей жатты. Біз үзілістен кейін бірден екі гол соқтық. Қарсыластың екінші таймда гол соғатын мүмкіндіктері мол болды деп айта алмаймыз. Қақпаға бірнеше рет соққы жасаған шығар. Соған қарамастан ойынды өз қолымызда ұстап, жеңіске жеттік.

Екінші ойынға келетін болсақ, біз бір бағытта ойнаймыз. Қысым жасап, бірінші нөмірмен ойынды басқарамыз. Мұны әр матчта растауымыз керек. Қазақстан – мықты команда, олар бізге басқаша қарайды. Оның үстіне ұзақ уақыт жанкүйерлерсіз ойнағандықтан, өз алаңымызда ойнау өте жағымды әсер сыйлады. Қолдау, атмосфера өте жақсы деңгейде болды.

Менің дебюттік ойыным 2016 жылы Еуропа чемпионатының алдында Өзбекстанға қарсы матчта болды. Ал бұл соңғы ойыным емес, 50-ден астам матч өткіздім (күлді).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×